Басты бет Жаңалықтар Енді 5 жасқа дейінгі балаларға маска тағу міндетті емес

Енді 5 жасқа дейінгі балаларға маска тағу міндетті емес

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бұл ереже балалар үшін және ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін міндетті емес. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Фото: Lada.kz

Министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі санитар-эпидемияға қарсы және санитар-профилактика іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселесі туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

10-тармақтың 7 және 9 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын.                     7) қоғамдық орындарда, халық келетін, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталатын қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медицина немесе мата маскаларын тағу міндетті.               9) қоғамдық орындарда ашық ауада медицина немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді, — делінген жаңартылған құжатта.

Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды.

Айта кетейік, 30 шілдеден бастап Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелген еді. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде ересектер ғана емес, балалар да маска тағуы міндетті екенін айтқан еді.

Exit mobile version