Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар шілдеде 42 500-ге өтінім жібермесе, тамызда 63 750 теңге ала алады

Қазақстандықтар шілдеде 42 500-ге өтінім жібермесе, тамызда 63 750 теңге ала алады

Елде карантиннің тағы екі аптаға созылуына байланысты Қазақстан азаматтары 63 750 теңге алады. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Үкімет табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгенің жартысын, яғни 21 250 теңге беруге шешім қабылдады. Көмекке бірінші рет өтініш беретін азаматтарға шілдедегі карантин үшін берілетін 42 500 теңгемен бірге тамызға арналған 21 250 теңге қоса түседі. Сонда азаматтар 63 750 теңге алады. Вице-премьер Ералы Тоғжановтың айтуынша, 42 500 теңгені өтініш бермей-ақ алған азаматтарға 21 250 теңге де автомат түрде түседі.

Бізде бұл бойынша қалыптасқан тәжірибе бар. Қазір 2,1 миллион адам 42500 теңгені алды. Проактив форматта алғандар бар. Қазір бұл мәселемен Еңбек министрлігі айналысып жатыр. Олардағы мәліметі бар азаматтар проактив форматта (өтініш бермей-ақ) автомат түрде ала алады, — деді министр.

Exit mobile version