Басты бет Жаңалықтар Жел, бұршақ, найзағай: алдағы үш тәуліктегі ауа райы

Жел, бұршақ, найзағай: алдағы үш тәуліктегі ауа райы

"Қазгидромет" синоптиктерінің хабарлауынша, 30 шілде мен 1 тамыз аралығы еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жауын-шашын. Фото: Іz.ru

Ауа райының құбылуына атмосфераның фронттары әсер етеді.

Республиканың кей жерінде өткінші жаңбыр, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің кей өңірінде күн күркіреп, дауылды жел тұрып, бұршақтың түсуі ықтимал, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Қазақстанның тек солтүстік және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды. Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуына байланысты ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін.

Exit mobile version