Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы қабылдады.
Үкімет 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай қаулы шығарды:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Еске сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде ойран жасаған лаңкестердің арам пиғылы жайында біліп, тәртіп сақшыларына хабар бермеген үш жігіт қамауға алынған болатын.