Басты бет Қоғам Қазақстанда алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" мамандары 28-30 шілде күндері Қазақстанның көп өңірінде күн күркіреп, екпіні күшті жел тұратынын және жаңбыр жауатынын болжады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мұндай ауа райына атмосфера фронттары әсер етеді.

Солтүстікте және шығыста толассыз жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады, — деп хабарлады синоптиктер.

Еліміздің тек батысы және оңтүстік-батысы жоғары қысым алаңында болады, мұнда жауын-шашын жаумайды.

Exit mobile version