Басты бет Қоғам Пандемия кесірінен Tamasha TV телеарнасы жабылды

Пандемия кесірінен Tamasha TV телеарнасы жабылды

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының құрамына кіретін Tamasha TV телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Myrussia.cc

Дүниежүзілік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізіп жатыр. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Tamasha TV телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген, — делінген ведомствоның Telegram-каналында.

Tamasha TV телеарнасы Қазақстанда ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна болды. Ол 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шыққан еді.

Exit mobile version