Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне ризашылығын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне ризашылығын білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсеткенін шынайы бауырластық қатынастардың үлгісі ретінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке Сардоба су қоймасындағы апат салдарынан зардап шеккен Түркістан облысына көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге ҚР Үкіметі Өзбекстанның Сырдария облысындағы зардап шеккен аудан тұрғындарына азық-түлік тауарларын жіберу жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.

Әңгімелесу соңында тараптар аймақтағы эпидемиология ахуалы жайында ақпарат алмасып, COVID-19 инфекциясымен және оның салдарымен күрестегі іс-қимылдарды жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.

Exit mobile version