Басты бет Қоғам Аурухананың бәрі өкпені жасанды желдету аппаратымен қашан қамтылады?

Аурухананың бәрі өкпені жасанды желдету аппаратымен қашан қамтылады?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі ауруханалар өкпені жасанды желдету аппаратымен қашан толық қамтылатынын айтты.

Фото: Rtmagazine.com

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 1 958 жасанды желдету аппараты бар деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қосымша 4 153 жасанды желдету аппаратын сатып алып жатырмыз. Оның 3 105-ін отандық тауар өндірушіден аламыз. Алдағы 2 айда бұл құрал Қазақстанда өндіріліп, медицина ұйымдарына жеткізіледі. Сонымен қатар өкпені жасанды желдету аппаратын жеткізу штат режимінде жүргізіліп жатыр. Біз медицина ұйымдарын өкпені жасанды желдету аппаратымен толық қамтамасыз етеміз, — деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келе жатқанын, қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.

Exit mobile version