Басты бет Жаңалықтар Студенттер күні неге 17 қараша тойланады?

Студенттер күні неге 17 қараша тойланады?

Халықаралық студенттер күні 1946 жылдың 17 қарашасынан бері тойланып келеді. Оның дәл осы күнге бекітілуіне айтулы себеп бар.

1939 жылдың 28 қазанында фашистердің басқыншылығында қалған Чехословакия елінің студенттері мен оқытушылары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына бір жыл толуына орай шеруге шыққан. Оларды тарқатуға тырысқан басқыншылар, оқ жаудырып, нәтижесінде медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды мерт қылады. Ян 15 қараша күні жерленді, алайда студенттер тыншыған жоқ. Олардан енді он шақты студент ұсталып, түрмеге қамалды. Ал, 17 қараша күні таңертең гестапашылар студенттердің жатақханасын қоршап алып, 1200-ден аса студентті қолға түсіріп, біразын Заксенхаузендегі концлагерьге айдап жіберді; Он шақты белсенді студентті Рузина ауданындағы түрмеде өлім жазасына кесті. Гитлердің әмірімен чехтардың барлық жоғарғы оқу орындары соғыстың соңына дейін жабылып қалды. Осы оқиғаға байланысты 17 қараша күнін Халықаралық студенттер конгресінің белсенділері студенттердің атаулы күні деп белгіледі.

Қазіргі таңда әлемде осы күнді атап өтпейтін студент кемде-кем.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version