Басты бет Қоғам Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қызметінен кетті. Ол бұл туралы Facebook-те хабарлады.

Диас Ахметшәріп. Фото Facebook-парақшасынан

Құрметті достар! Бүгін менің Денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош, — деп жазды ол.

Диас Ахметшәріп журналистерге, Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріне, дәрігерлерге алғыс айтты.

Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса — кешірім сұраймын!!!! Барлық еңбегім — тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, — деп жазды Диас Ахметшәріп.

Exit mobile version