Басты бет Қоғам Алматыдағы карантин: демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады

Алматыдағы карантин: демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 14 шілдеден бастап ұлттық парктер мен демалыс орындарында жүруге арнайы шектеулер енгізілді.

Фото: Sxodim.kz

Ұлттық парктер аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге радон қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады.

Демалыс күндері ұлттық парктер жабық болады.

Жұмыс күндері тек жаяу серуендеуге келесі ережелерді сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

  • ішетін сусыннан басқа азық-түлік өнімдерін әкеліп, пикник ұйымдастырып, от жағуға қатаң тыйым салынады;
  • саябақ аумағында 3 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынады;
  • санитария талаптарын: маска тағу және арақашықтық сақтау керек.

Exit mobile version