Басты бет Жаңалықтар Салынып жатқан ЭКСПО ғимараты опырылып түсті (видео)

Салынып жатқан ЭКСПО ғимараты опырылып түсті (видео)

Астанада құрылысшылардың көз алдында ЭКСПО көрмесі аумағындағы нысандардың бірі опырылып түсті, деп хабарлайды Baq.kz.

Әлеуметтік желіде ғимараттың құлап қалғаны түсірілген видео тараған.

«Декоративтік көпірдің бір бөлігі бар еді, ол расында опырылды. Бұл бүгін бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай. Себептерін әзірге білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group компаниясы салып жатыр. Олар енді жобалаушыны шақырды, құрылыс бөлігін қайта қалпына келтіретін болады», — деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Оның айтуынша, ұлттық компаниядағылар ғимаратты әзірше пайдалануға қабылдамағандықтан, бұл нысанды енді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіруі тиіс.

18 пікір

  1. Бул ештене емес ертен корме болп жатканда опырылып туссе баска мемлекеттердын козинше сонда кокесы болады

  2. Жарты ақшасын жеп қойған əліде жесін өтірік бəріде біледі басшылардың ақша жеп отырғанын

  3. жобалаушй фирмамен мердгерди тексеру керек азгантай карды котермеди ертен корме кезинде куласа сонда кызык болады

  4. Алланың берген жазасы, експо басшысылары ақша жей берсе оданда жаман болуы мүмкін көзімізді ашайық ағайындар!

    • Адам аман болса, калганы орнына келеді.

    • акша жетпейди бирак шамалы сабырлык керек

    • Недеген сумдык десенші мен осы кормені асыга кутіп журсем баруга да коркып калдымгой

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version