Басты бет Медицина «Мәңгі батыр болып қалады». Алексей Цой қайтыс болған әріптестері туралы

«Мәңгі батыр болып қалады». Алексей Цой қайтыс болған әріптестері туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясынан қайтыс болған азаматтардың жақындарына, туған-туыстарына, бауырларына және еліміздің барлық тұрғынына көңіл айтты.

Алексей Цой. Фото: Petropavltv.kz

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Менің әріптестерім — дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай — біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады, — деді Алексей Цой.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Қазақстан азаматтарын пандемиямен күресуге қолдан келгенше көмектесуге үндеді.

Біз біргеміз, пандемияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып жеңе алатынымызға сенімдімін, — деді Алексей Цой.

Бүгін, 13 шілде – коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу – жалпыұлттық аза тұту күні.

Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 375-ке жетті.

Exit mobile version