Басты бет Қоғам Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Мұны Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

Қайрат Баймұхамбетов. Фото: 24.kz

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, өлімнің мән-жайы туралы әкімдіктегілер кейінірек хабарлауға уәде берді.

Өкінішке қарай, Қайрат Қажыманұлы арамыздан кетті. Толық ақпаратты кейінірек береміз, — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туған.

Ол 2019 жылдан бастап Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.

Exit mobile version