Басты бет Жаңалықтар Стилист-дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды

Стилист-дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды

Қазақстандық стилист-дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды. Қайғылы хабарды әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева Facebook-те естіртті.

Фото Берік Исмаиловтың Вконтактедегі парақшасынан

Алтын ағам-ай. Бұл фәни жалғанда сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін. Енді бұдан былай сіздің күлкіңізді естімейтініме, Сізді Италиядан не әкеледі екен деп күтпейтініме, Сізге еркелемейтініме, Сізбен енді сырласпайтыныма Сенейін бе? Иманды болыңыз. Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке, — деп жазды Мерует Түсіпбаева.

Берік Исмаилов төтенше жағдай кезінде әріптестерімен маска тігіп, ауруханаларға таратқан.

Exit mobile version