Басты бет Қоғам Астана күнінде туған алматылықтар азаматтарды Елорда күнімен құттықтады

Астана күнінде туған алматылықтар азаматтарды Елорда күнімен құттықтады

Бүгін  Елордаға 22 жыл толды. Осыған орай астана күнінде туған Алматы жастары барша азаматты әлеуметтік желілерде құттықтап, лебізін бөлісіп жатыр.

Астанаға 20 жыл. Иллюстрация:Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Елорданың құрдастары әлеуметтік желідегі посттарында республиканың қалыптасуы мен даму тарихы, жаңа Нұр-Сұлтанның салынуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін айтып жатыр.

«Тәуелсіздігіміздің тірегі – астанамыз әрдайым асқақтай берсін! Жаңа астанамыздың негізі қаланғалы 22 жыл ішінде Нұр-Сұлтан ерекше қарқынмен дамып келеді. Қала күнінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке тілеймін» деген сияқты жылы лебіздер білдіріп жатыр.

Exit mobile version