Сәбина Алтынбекова Sabina20 деген брендпен киім шығарды
Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова айтты.
Жейделер, свитшоттар, спорттық костюмдер сияқты киімдер желісі Sabina20 деген брендпен шығатын болады. Спорттық киімдердің бұл желісін Сабина Алтынбекова отандық Zibroo Sportswear дизайнерлік компаниясымен бірігіп ойластырған екен. Айта кетейік, Рио ойындарындағы Қазақстан құрамасының киімдерін осы компания дайындаған болатын.
A photo posted by Altynbekova Sabina (@altynbekova_20) on
Бізге осымен бірнеше жыл бойы түрлі ұсыныстар түсті, бірақ біз олардан бас тартып жүрдік. Ал киім желісін шығару жайлы ұсыныс айтылғанда, біз ойланып қалдық. Кейіннен келіссөздер жүргізіп, келісімшартқа да қол қойыдқ. Енді өзіміздің брендімізді мақтанышпен көрсете аламыз. Киімдердің барлығы Қазақстанда жасалған. Сапасы отандық дизайнерлердің киімдерінен кем түспейді. Дизайны біз ұнады. Логотипті Сабинаның өзі ойластырды», — деді Сабинаның анасы.
Айта кетейік, Алматыда 19 қарашада Сабинаның киімдер желісінің алғашқы дүкені ашылады. Мекен жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі 534.