Басты бет Жаңалықтар Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов дүниеден озды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram парақшасында мәлімдеді.

Фото: Tengrinews.kz

Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын! Ол арамыздан кетіп, артында жақсы ат қалдырды және лайық ұрпақ өсірді!, — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылған еді.

Exit mobile version