5 шілдеден бастап сұлулық салондары жұмыс істемейді

Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап Қазақстандағы эпидемиология ахуалын тұрақтандыру үшін адам көп жиналатын мекемелер жұмыс істеуіне шектеу жасады.

Мына нысандардың қызметіне тыйым салынады: Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік сататын және сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және тағы басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары), — делінген хабарламада.

Мемлекеттік комиссия карантин кезінде ашық ауада орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуіне рұқсат берді.

Күшейтілген санитария-дезинфекция режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен), — делінген хабарламада.