Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Парламенті бірлескен отырысқа жиналады

Қазақстан Парламенті бірлескен отырысқа жиналады

Қазақстан Республикасы Парламенті бірлескен отырысқа жиналады. Сессияның жабылуы 2020 жылдың 30 маусымында өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлады.

ҚР Парламенті ғимараты. Фото: Inbusiness.kz

Мұндай өкімге Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қол қойды.

Конституцияның 58-бабы, төртінші тармағы, екінші тармақшасы бойынша Парламент палатасы 2020 жылдың 30 маусымында сағат 10.00-де Нұр-Сұлтанда бірлескен отырысқа шақырылсын, — деп жазылған өкім мәтінінде.

Сессия жабылған соң Парламент каникулға кетеді.

Exit mobile version