Басты бет Жаңалықтар 8 мыңнан астам азамат ипотеканы кешіктіріп төлеуге мүмкіндік алды

8 мыңнан астам азамат ипотеканы кешіктіріп төлеуге мүмкіндік алды

Биылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында Қазақстанның 8 030 азаматының ипотека төлеу мерзімі кейінге қалдырылды. Шегерілген ипотеканың жалпы сомасы - 9,9 миллиард теңге. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Liza Otchenashenko

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қарыз өтеуге жеңілдік жасалған азаматтардың 3012-сі — «7-20-25» бағдарламасына, 5018-і — «Баспана Хит» бағдарламасына қатысушы.

«7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітті мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші дәрежелі банктермен бірлесе әзірлеген халықтың борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде ұсынды, — деп хабарлады «Қазақстанның орнықтылық қоры» өкілдері.

Банктер короновирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қаржы ахуалы нашарлаған қарыз алушыларға айыппұл мен өсімпұлды есептеместен және мүлтіксіз кредит тарихын сақтай отырып, негізгі борыш пен сыйақы төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 40 мыңнан астам отбасы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотека бағдарламаларын пайдаланып, жалпы сомасы 394 миллиард теңге болатын меншікті баспанаға ие болды, — дейді компания мамандары.

Exit mobile version