Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір әкімдеріне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір әкімдеріне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминнің, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімінің коронавирусқа қатысты ахуал мен өңірлердің дамуына қатысты есебін тыңдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Мамин. Фото: Аkorda.kz

Президент Үкіметке және өңір басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеу үшін шұғыл әрі тиімді шараларды қолға алуды, коронавирус жұқтырғандарға нақты көмек беруді, азаматтардан тест сынамасын алу ауқымын кеңейтуді, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмекпен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппаратпен және өзге де құрал-жабдықпен қамтуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың денсаулығын қорғап жатқан медицина қызметкерлерін материал және мораль жағынан қолдау маңызды екенін айтты. Үкімет пен әкімдер халыққа карантин режимін сақтау керек екенін түсіндіруі керек.

Мемлекет басшысы орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік мұқтаждығын өтеу жөнінде шара қолдануды тапсырды.

Бұған дейін Асқар Мамин Парламент депутаттарына есеп бергенін айта кетейік.

Exit mobile version