Басты бет Жаңалықтар Түркістан әкімі Рашид Аюповқа коронавирус жұқты

Түркістан әкімі Рашид Аюповқа коронавирус жұқты

Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырғанын Facebook-те хабарлады. 

Рашид Аюпов. Фото: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

Әкім бірнеше күн бұрын денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінгенін айтты.

Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 жұқтырғанымды растап отыр. Жұмыс барысымен адам саны көп жерлерде күнделікті болуға мәжбүрміз. Сақтық шараларын қанша орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққаны анықталып жатыр. Соған байланысты үйде оқшаулануға мәжбүрмін, — деп жазды Рашид Аюпов.

Қала басшысы қашықтан жұмыс істемек. Оның міндетін орынбасары Тәжібек Мұсаев уақытша атқарады.

Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсырады. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Деніміз сау, жақындарымыз аман болсын! — деді Түркістан әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Амандық Баталов коронавирус инфекциясының симптомсыз түрін жұқтырғаны хабарланған еді.

Exit mobile version