Басты бет Жаңалықтар Алматы облысының әкімі коронавирустан емделіп жатыр

Алматы облысының әкімі коронавирустан емделіп жатыр

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус инфекциясының симптомсыз формасы анықталды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-те хабарлады. 

Фото: Алматы облысының баспасөз қызметі

Амандық Баталов өзін өзі оқшаулап жатыр.

Өкінішке қарай, ПТР сараптамасының кейінгі нәтижесі адам COVID-19 жұқтырғанын растады. Аурудың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Амандық Баталов оқшау жағдайда емделіп, қашықтан жұмыс істейді, — деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де инфекция жұқтырды.

Exit mobile version