Басты бет Жаңалықтар Дүйсенбіде Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр жауады?

Дүйсенбіде Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр жауады?

22 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте және батыста қатты ыстық болады. 

Фото: Goodfon.ru

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі. Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады. Жамбыл облысында температура 40 градусқа дейін, Түркістан облысында 41 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.

Exit mobile version