Басты бет Қоғам Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Қызылодада жылу маусымына дайындық басталып кетті. Мамандар 1 қазанға дейін жұмыстарды аяқтап, 15 қазанда жылу маусымын іске қосуды жоспарлап отыр.

Фото: Inform.kz

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өңірде жылу беру маусымына 12 маусымнан бастап дайындалып жатыр.

Мамандар 1 қазанға дейін жұмыстарды аяқтап, 15 қазанда жылу маусымын іске қосуды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қызылордаға жылу тарататын 186 шақырым болатын желінің 42%-інің тозығы жеткен. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеті объектінің құбырлары ауыстырылады. Бұл іске 200-ге жуық Қызылорда облысы тұрғыны тартылып, жұмысқа орналасты.

Exit mobile version