Басты бет Қоғам Шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазақстан синоптиктері шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Олардың мәліметінше, алдағы айда ауа температурасы климат нормасынан аспайды. 

Фото: Martovskykot.livejournal.com

Атлант мұхиты, Скандинавия мен Кар теңізі аудандарынан суық әрі ылғал ауа массасы келуіне байланысты күн шілденің әр онкүндігінде бір суып тұрады: температура солтүстікте түнде 7-12 градус жылыға дейін, күндіз 17-23 градус жылыға дейін, оңтүстікте түнде 13-18 градус жылыға дейін, күндіз 25-30 градус жылыға дейін төмендейді, бұл күндері жаңбыр жауып, күшті жел соғады.

Шілдеде Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы 25-33 градус ыстық, оңтүстікте 30-35 градус ыстық шамасында болады. Кей күні Иран мен Орталық Азия аудандарынан тропиканың ыстық ауасы келіп, соның әсерінен оңтүстікте 35-45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін, солтүстікте мұндай күндері температура 30-38 градусқа дейін көтеріледі, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша шілдеде еліміздің барлық аймағында тұрғындар нағыз жаздың шуақты, ыстық күндерін бастан өткереді.

Шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері де норма шамасында болады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары, Ақтөбе облысының оңтүстігі), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлі маңы) және Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде жауын-шашын орташа көпжылдық шамадан аз түседі.

Exit mobile version