Басты бет Қоғам Қызылорда облысының мүгедектігі бар азаматтарын әлеуметтік қорғау бақыланып жатыр

Қызылорда облысының мүгедектігі бар азаматтарын әлеуметтік қорғау бақыланып жатыр

Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуын мемлекеттік бақылау шарасы нәтиже беріп жатыр. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Болат Нақыпов мәлімдеді. 

Болат Нақыпов. Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау ісінде қазірге дейін 198 бұзушылық анықталған. Оның 120-сы қалпына келтірілді, қалған 58-і жыл соңына дейін талапқа сәйкестендіріледі.

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз орта құру мақсатында 24 заңнама актісіне, оның ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша түзетулер енгізілді. Соған сәйкес, биыл мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне профилактикалық бақылау 17 объектіге, жоспардан тыс тексеру сегіз объектіге жүргізілді. Нәтижесінде 76 бұзушылықты жою туралы мерзімдері белгіленген 16 ұйғарым берілді, — деді Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Болат Нақыпов.

Exit mobile version