Басты бет Қоғам Суға шомылушылар естен шығармауға тиіс 10 тыйым

Суға шомылушылар естен шығармауға тиіс 10 тыйым

Төтенше жағдайлар қызметкерлері азаматтарға суқоймаларда шомылған кезде қандай негізгі ережені естен шығармау керек екенін хабарлады. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Lina Zavalishina

Шомылушыларға:

  • суға арақ ішіп немесе есірткі қолданып түсуге;
  • суға балаларды қараусыз жіберуге, суда қараусыз қалдыруға;
  • қайықтан, айлақтан, арнайы рұқсат етілмеген басқа да жерлерден суға секіруге;
  • судың тексерілмеген, жабдықталмаған және «Шомылуға болмайды» белгісі қойылған тұстарына сүңгуге;
  • терең жерлерді көрсету үшін қойылған қалтқымалардан ары асуға;
  • жүзуге арналмаған нәрселерді суда қолдануға;
  • су көліктеріне жақындауға;
  • суқойманы ластауға, суда жуынуға, кір жууға;
  • жағалауға адам басып кетіп, жарақаттануы мүмкін нәрселерді тастауға;
  • жағалауда көлік жууға және жөндеуге

тыйым салынады.

Шомылу маусымында қауіп-қатерден қалай сақтану керек?

Суға батқан адамға қалай алғашқы көмек беру керек?

Exit mobile version