Басты бет Қоғам Қызылорда облысында Еркін Әуелбековтің 90 жылдығы тойланады

Қызылорда облысында Еркін Әуелбековтің 90 жылдығы тойланады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Тіл сақшысы" газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсатпен кездесті. Кездесуде мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 90 жылдығын атап өту мәселесі қозғалды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуде мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 90 жылдығын атап өтуді ұсынды.

Бастамаңызды қолдаймыз. Еркін Әуелбековтің 90 жылдығында өзге облыстардағы мемлекет және қоғам қайраткерінің замандастарымен бейнебайланыс арқылы кездесу ұйымдастырып, телеарналарда сұхбаттар мен арнайы хабар беруді жоспарлап отырмыз,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, 90 жылдыққа арналған шаралар облыстық кітапханадағы онлайн форматта өтетін конференциядан басталады.

Exit mobile version