Басты бет Медицина Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ахуал. Тәулік қорытындысы

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты ахуал. Тәулік қорытындысы

239 жаңа дерек, алты адамның өлімі. Қазақстанда 10 маусымның қорытындысы бойынша коронавирусқа қатысты ахуал қалай өзгергенін баяндаймыз.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Station75

Кейінгі тәулікте анықталған жағдай саны

Қазақстанда кеше коронавирус инфекциясы тағы 239 адамнан анықталды. Аурудың бір тәуліктегі өсімі — 1,8%. Жаңадан тіркелген дерек саны:

Қарағанды облысы — 52 (4,2%);

Шымкент — 30 (3,0%);

Нұр Сұлтан — 27 (1,1%);

Алматы — 18 (0,6%);

Ақтөбе облысы — 17 (4,0%);

Батыс Қазақстан облысы — 15 (1,7%);

Қызылорда облысы — 14 (3,0%);

Маңғыстау облысы — 14 (4,1%);

Алматы облысы — 13 (2,8%);

Шығыс Қазақстан облысы — 11 (5,4%);

Павлодар облысы — 10 (3,5%);

Атырау облысы — 5 (0,4%);

Жамбыл облысы — 5 (1,1%);

Түркістан облысы — 5 (1,2%);

Ақмола облысы — 2 (1,1%);

Қостанай облысы — 1 (0,5%).

Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны

Қазақстанда бүгінге дейін коронавирусты барлығы 13 558 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр:

Алматы — 2 957;

Нұр-Сұлтан — 2 570;

Қарағанды облысы — 1 290;

Атырау облысы — 1 232;

Шымкент — 1022;

Батыс Қазақстан облысы — 878;

Қызылорда облысы — 484;

Алматы облысы — 470;

Жамбыл облысы — 462;

Ақтөбе облысы — 444;

Түркістан облысы — 416;

Маңғыстау облысы — 357;

Павлодар облысы — 296;

Шығыс Қазақстан облысы — 215;

Қостанай облысы — 209;

Ақмола облысы — 184;

Солтүстік Қазақстан облысы — 72.

Аурудан жазылған пациент саны

10 маусымда Қазақстанда 330 адам жазылып шықты. 11 маусымдағы сағат 08.30-дағы жағдай бойынша елде барлығы 8 345 пациент жазылды.

Қайтыс болғандар

Кеше, бір тәулік ішінде алты адам қайтыс болды. Коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 67-ге жетті:

Нұр-Сұлтан — 14;

Алматы — 10;

Шымкент — 10;

Павлодар облысы — 8;

Қарағанды облысы — 7;

Ақмола облысы — 4;

Атырау облысы — 3;

Түркістан облысы — 3;

Батыс Қазақстан облысы — 3;

Қостанай облысы — 2;

Шығыс Қазақстан облысы — 1;

Жамбыл облысы — 1;

Маңғыстау облысы — 1.

Симптомсыз коронавирус

Кейінгі тәулікте елімізде 393 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, бірақ коронавирусқа тән симптомы болмағандықтан олардың саны жалпы статистикадан бөлек есептеліп жатыр. Бүгінге дейін тіркелген симптомы жоқ науқастар саны 2 529 болды, жақшаның ішінде кейінгі бір тәуліктегі мәлімет:

Нұр-Сұлтан — 332 (+39);

Алматы — 291 (+43);

Шымкент — 365 (+63);

Ақмола облысы — 28 (+8);

Ақтөбе облысы — 44 (+16);

Алматы облысы — 165 (+37);

Атырау облысы — 224 (+63);

Шығыс Қазақстан облысы — 107 (+8);

Жамбыл облысы — 39 (+7);

Батыс Қазақстан облысы — 230 (+15);

Қарағанды облысы — 303 (+24);

Қостанай облысы — 21 (+6);

Қызылорда облысы — 81 (+13);

Маңғыстау облысы — 115 (+32);

Павлодар облысы — 30 (+5);

Солтүстік Қазақстан облысы — 80 (+1);

Түркістан облысы — 74 (+13).

Exit mobile version