Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда апта соңына дейін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда апта соңына дейін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары алдағы күндері жаңбыр жауып, температура төмендейтінін хабарлады. 

Фото: Fonwall.ru

Синоптиктердің болжамына қарағанда 11 маусымда солтүстік және орталық өңірлерде күн ашық, құрғақ әрі ыстық болады, күндізгі температура 26-34 градусқа дейін көтеріледі, бірақ кейінгі 2 күнде ауа райы басқаша болады.

12-13 маусымда ауа райы өзгереді, солтүстік циклон мен оның атмосфера таралымдары найзағайлы жаңбыр мен екпінді желге себеп болады, температура  20-29 градусқа дейін төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Exit mobile version