Басты бет Жаңалықтар Еліміздің бірнеше өңірінде шаңды дауыл тұрады

Еліміздің бірнеше өңірінде шаңды дауыл тұрады

Дүйсенбіде Қазақстанның көп өңірінде күн жауын-шашынсыз болады. Батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Шаңды дауыл. Фото: Novostipmr.com

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Жамбыл, Түркістан облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қызылорда обылсында шаңды дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Атырау облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарының көп бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі күшейеді.

Exit mobile version