Басты бет Жаңалықтар Жаздың алғашқы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жаздың алғашқы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Фото: Goroskop.guru

Мамандардың мәліметінше, баяу қозғалатын антициклон Қазақстанның солтүстік аудандарының үстіне орналасты, алдағы күндері ол республиканың көп бөлігінде ауа райының қолайлы болуына ықпал етеді.

Солтүстік және орталық өңірлерде температура фоны түнде 5-10 градустан 10-15 градус жылыға дейін, күндіз 18-23 градустан 25-30 градус жылыға дейін жоғарылай бастайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары.

Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауы мүмкін, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Exit mobile version