Басты бет Қоғам Назарбаев мектебі патриоттық акцияға үн қосты

Назарбаев мектебі патриоттық акцияға үн қосты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы өңірде бастау алған патриоттық акцияға үн қосып, бір мезетте Мемлекеттік гимнді орындады. 

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметі
Елдің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты символдар – елтаңба, ту және гимн. Мемлекеттік рәміздерді қадір тұтып, қастерлеу — әр азаматтың міндеті. Рәміздер күніне орай Қызылордада ұлттық құндылықтарды дәріптеу және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған Мемлекеттік гимнді орындау онлайн акциясы басталды. Бұл акцияға қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебі де қатысты. Мектептің әкімшілік қызметкерлері, педагог-кураторлары, медицина мамандары әнұранды шабытпен шырқады. Шарадан мектептің шетелден келген мұғалімдері де қалыс қалмай, Мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсетті.

Қазақстанда жұмыс істеп жатқаныма бірнеше жыл болды. Бұл жер менің екінші үйімдей болып кеткен. Елдің барлық ұлттық және мемлекеттік мерекесін әріптестеріммен бірге атап өтемін, – дейді мұғалім Стэфан Отиено.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметі
Шара соңында қатысушылар қолдарына көк жалаушаларды ұстап, оқушыларды Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырды.

Exit mobile version