Басты бет Жаңалықтар Үсік пен ыстық: өңірлерде температура қарама-қайшылығы байқалады

Үсік пен ыстық: өңірлерде температура қарама-қайшылығы байқалады

5 маусымда елімізде ауа райы құбылмалы болады, өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыста ыстық болады, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс пен орталықта температура төмендейді.

Фото: Vistanews.ru

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейетін жел соғады, дауыл тұрады.

Алматы облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, дауыл тұрады, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Өңірде 40 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады, 38 градус ыстық болады.

Атырау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, 35 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Қостанай облысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. 1 градус үсік болады.

Қарағанды облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады, топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.

Ақмола облысында да топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі күшейеді.

Exit mobile version