Басты бет Жаңалықтар Ирландиялық Майк Маккормек бір сөйлемі 223 бет болатын роман жазды

Ирландиялық Майк Маккормек бір сөйлемі 223 бет болатын роман жазды

Ирландиялық жазушы «Solar Bones» деп аталатын кітабында Маркус Конвей есімді инженер туралы жазған.

Голдсмит университетінің әдебиет саласы бойынша тағайындаған сыйлыққа ирландиялық Майк Маккормик ие болды. Оның«Solar Bones» атты романы Маркус Конвей есімді инженер туралы жазылған. Ерекшелігі — роман 223 бет болатын бір ғана сөйлемнен тұрады.

 «Қазіргі оқырмандар ақылды. Олар осындай туындыларға дайын», — деп өз пікірімен бөлісті Маккормик.

51 жастағы жазушы шығармашылықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Осы романы үшін ол 10 мың фунт стерлинг сыйақы алды. Айта кетйік, Маккормик —  Ирландияның көлемді марапатқа ие болған үшінші жазушысы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version