Басты бет Жаңалықтар Мақтаарал ауданы ауылдарындағы су тартылды

Мақтаарал ауданы ауылдарындағы су тартылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Мақтаарал ауданы ауылдарындағы судың тартылғанын мәлімдеді.

Фото Сәкен Қалқамановтың Facebook-парақшасынан

Сәкен Қалқаманов бұл ақпаратты Facebook-парақшасында жариялады.

Фото Сәкен Қалқамановтың Facebook-парақшасынан

Мақтаарал ауданының су басқан барлық елді мекенінен су тартылды. Әкімдіктің, «Казводхоз» компаниясының, Төтенше жағдайлар комитетінің, әскерилер және Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қажырлы еңбегінің арқасында Сардоба су қоймасының суын аз уақыт ішінде каналдар мен коллекторларға қайтарып, жаймашуақ өмірді қалпына келтіруге мүмкіндік туды, — деді Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында.

Фото Сәкен Қалқамановтың Facebook-парақшасынан

Айта кетейік, Өзбекстандағы Сардоба суқоймасының бөгеті 1 мамырда жарылды. 2 мамырда сағат 04.30 шамасында Мақтаарал ауданының өзбек шекарасындағы коллекторына су толып, одан соң бірнеше елді мекенді тасқын басты. 31 мыңнан астам тұрғын баспанасын уақытша тастауға мәжбүр болды. Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Exit mobile version