Басты бет Қоғам Қызылорда облысында пандемиямен күреске 291,7 миллион теңге бөлінді

Қызылорда облысында пандемиямен күреске 291,7 миллион теңге бөлінді

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, 2020 жылдың сәуір-тамыз айларында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге өңірге 291,7 миллион теңге бөлінді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Tai Pham

Осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1 555,4 миллион теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 миллиард теңге бөлінді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет Қазақстан дәрігерлері үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.

Қауіптілігі аса жоғары санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы мөлшері 20 ең төменгі жалақыға тең (850 мың теңге).

Қауіптілігі жоғары санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — провизор стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.

Қауіптілігі орташа санатта жұмыс істеп жүрген мамандар — карантин стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитар дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқа. Үстемеақы — 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңге.

Exit mobile version