Басты бет Жаңалықтар Журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды

Журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды

Baribar.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады

Бейсен Құранбек. Фото: 7-su.kz

Журналист, тележүргізуші, «Жетісу» телекомпаниясының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды. Бұл туралы 7-su.kz хабарлады.

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысында туған. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастады. «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде жұмыс істеді.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. Одан кейін «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалған еді.

Exit mobile version