Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы салық органдарының жұмыс режимі өзгерді

Алматыдағы салық органдарының жұмыс режимі өзгерді

Алматының мемлекеттік кірістер департаменті төтенше жағдай режимінің аяқталуы мен карантин шектеулері ұзаруына байланысты 18 мамырдан бастап жаңа жұмыс режиміне көшеді.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Matt Burt

Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылы 18 мамырдан бастап мемлекеттік қызмет екі түрлі әдіспен көрсетіледі: элекрон түрде және офистерге баруға болады.

«Электрондық үкімет» порталы, Салық төлеушілер кабинеті және мемлекеттік кірістер органанының ақпарат жүйесі арқылы жасалған мемлекеттік қызметтер электрон түрде көрсетіледі. Қазір мемлекеттік қызметтің 84%-і автоматтандырылған, 44 қызметтің 37-сін электрон форматта алуға болады, — делінген хабарламада.

Онлайн форматқа әлі көшпеген қызметтерді «Электрон портал» арқылы өтініш беріп және офиске бару уақытын алдын ала брондап, алуға болады. Талон алу үшін  Мемлекеттік кірістер комитеті сайтындағы (http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation) «Электрон қызметтер» бөліміне кіріп, «Онлайн брондау» жолына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теру қажет.

Мемлекеттік кірістерді басқару органы мен мемлекеттік кірістер департаменті санитар-эпидемиология талаптарын сақтай отырып, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін істейді. Мемлекеттік кірістерді басқару органынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған термианлдар жұмысы уақытша тоқтап тұр, — делінген хабарламада.

Аудандық әкімдіктерде және кеден бекеттерінде салық төлеушілерге кеңес беретін байланыс орталықтары жұмысын жалғастырады. Қаладағы байланыс орталықтары:

Әуезов ауданы бойынша МКБ: 303-25-69, 303-25-26, 8(702)811-88-33, 8(747)077-00-92;
Бостандық ауданы бойынша МКБ: 275-48-24, 8(707)939-54-26, 8701-601-02-37;
Жетісу ауданы бойынша МКБ: 279-57-72, 8(707)186-03-56, 8(777)349-68-56;
Алмалы ауданы бойынша МКБ: 267-69-80, 8(705)760-92-51, 8(707)343-29-98, 8(778)528-31-16;
Түрксіб ауданы бойынша МКБ: 221-58-61, 8(700)646-20-32, 8(707)741-78-70;
Медеу ауданы бойынша МКБ: 267-71-73, 8(701)799-76-76, 8(707)115-47-48, 8(702)107-26-68;
Алатау ауданы бойынша МКБ: 299-85-34, 299-84-61, 8(778)417-82-85;
Наурызбай ауданы бойынша МКБ: 338-21-09, 390-64-00, 8(707)933-93-31, 8(775)759-77-17, 8(705)579-05-97;
«Алматы кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті: 259-70-00, 8 (701) 711-16-03;
«Алмалы кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті: 259-70-92, 8(777) 513-75-81;
«Жетісу» кеден бекеті: 388-89-75, 8778-828-01-33.

Енді әр сәрсенбіде мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері департаменттің әлеуметтік желілерінде (@dgdalmaty) тікелей эфир өткізеді. Эфир салық төлеушілерге қатысты өзекті мәселелер және Салық және Кеден кодексіне енген өзгерістер туралы болады.

Exit mobile version