Басты бет Қоғам Павлодар облысындағы қақтығыстан соң полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Павлодар облысындағы қақтығыстан соң полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Павлодар облысында тұрғындармен қақтығысқан полиция қызметкерінің бірі жұмыстан шықты. Қазір оның әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр.

Видео кадрлары

Облыстың полиция департаменті мәліметінше, полиция қызметкері Криминалдық полиция басқармасында жұмыс істеген.

Полиция қызметкерінің әрекетіне өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, бірінші бөлігі «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл полиция қызметкері қызметінен босатылды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полицейлер тұрғындармен болған қақтығыста жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері болғанын растады. Камуфляж кигендер — арнайы бөлімшенің қызметкерлері. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл іске Павлодар облысының прокуратурасы араласты.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында полиция қызметкерлерінің жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын тұрғындармен қақтығысқаны хабарланған еді.

Exit mobile version