Басты бет Экономика Қазақстанда жууға, тазартуға арналған заттар қымбаттады

Қазақстанда жууға, тазартуға арналған заттар қымбаттады

Ranking.kz елімізде кір жуғыш ұнтақ, сабын мен тіс пастасы бағасы сәуірде қалай өскенін жария етті. 

Иллюстрация: Dribbble.com ©brian hurst

Елімізде сәуір айында жууға, тазартуға арналған заттардың, жеке пайдаланатын заттардың бағасы 1,5–3,6% өсті. Бір жыл ішінде бұл заттар айтарлықтай қымбаттаған. 2020 жылдың сәуір айы соңындағы зерттеу бойынша олардың құны бір жылда 7,7–17,6% арасында өсті.

Әсіресе, кір жуғыш ұнтақтың қымбаттағаны қатты білінеді, оның бағасы сәуірде 17,6% өскен. 500 грамдық қаптаманың республика бойынша орташа бағасы — 527 теңге. Оған қоса, кір сабынның бағасы 143 теңгеден 200 теңгеге дейін өскен. 75 миллилитрлік тіс пастасы 10,9% өсіп, 239 теңге болса, 150 миллилитрлік сусабын бағасы 9,8% өсіп, 450 теңге болды. 100 грамдық иіс сабын 240 теңгеге дейін қымбаттады.

Ranking.kz зерттеушілерінің мәліметінше, осы тауарлардың бағасы бір айда республикада орташа есеппен 1,5–3,6% аралығында өсті.

Тіс пастасы елде орта есеппен 1,7% қымбаттады. Бұл жууға арналған зат бағасы ірі қалалар мен мегаплоистер ішінде бәрінен де Семейде қымбат болып тұр — баға 5,6% өскен. Сусабын бағасы ел бойынша 2% өсті. Ал Түркістанда сусабын бірден 9% қымбаттаған. Кір жуғыш ұнтақ бағасы орташа есеппен 1,5% өсті. Ол бәрінен де Ақтауда оған дейінгіге қарағанда 7,7% қымбат бағамен сатылып жатыр.

Кір сабын бағасы сәуір айында орташа есеппен 3,6% өссе, Талдықорғанда бірден 17,7% қымбаттады.

Иіс сабынның бағасы 1,8% өсті, оның бағасы бәрінен де Таразда қымбат — баға 6,3% өскен. Балаларға арналған сабын Шымкентте қымбат тұрады. Бағасы 8% өскен, ал елдегі оның орташа қымбаттауы — 2,9%.

Exit mobile version