Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның көп өңірінде 3 күн бойы салқын болады

Қазақстанның көп өңірінде 3 күн бойы салқын болады

Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағына Жаңа Жер архипелагынан антициклон келіп, ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" кәсіпорны мамандары хабарлады. 

Фото: Videoblocks.com

Қазақстанның көп бөлігінде күн суиды.

Фронтал таралымдардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей жерде жаңбыр күшті болады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі мезгілде термометр бағаны нөлден төмен түседі, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Дегенмен 7 мамырда күн қайта жылиды. Синоптиктердің болжамына қарағанда оңтүстік тропосфера ағыны республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауына себеп болады.

Exit mobile version