Басты бет Қоғам «Асыл арман» тұрғын үй кешені карантиннен шығарылды

«Асыл арман» тұрғын үй кешені карантиннен шығарылды

Қарасай ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес "Асыл арман" тұрғын үй кешеніндегі карантин алынды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысындағы үшінші пациент 1995 жылы туған. Жүктіліктің 21-22 аптасындағы әйел — «Асыл арман» тұрғын үй кешінінің тұрғыны. Мұнан кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталды. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлері және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті.
Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің тұрғыны, 1995 жылы туған әйелден қайталама сараптамалар алынғаннан кейін  ауруханадан шығарылды. 1957 жылғы тұрғын ем қабылдап жатыр.
Пациенттермен қарым-қатынаста болған барлығы 23 адам анықталып, олардан вирусология анализі алынған, қорытындылары теріс болып шықты.

Exit mobile version