Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сәуірдің соңғы күні көп өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Фото: Wallpaperup.com

«Қазгидромет» кәсіпорнының хабарлауынша, сәуірдің соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Нұр-Сұлтанда да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.

Жамбыл облысында кей жерде бұршақ жауады.

Түркістан облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте де найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнайды.

Exit mobile version