Басты бет Қоғам Қайта ашылатын әуе рейстеріне қандай талап қойылады?

Қайта ашылатын әуе рейстеріне қандай талап қойылады?

Әуе қатынасына қойылатын күшейтілген санитария талаптары бекітілді. Бұл туралы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Enisaurus

Елімізде жанданатын әуе рейстеріне мынадай талап қойылады:

  • жолаушыларда COVID-19-дың бар-жоғын анықтау үшін ПТР тестінен өткені және оның теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың әрекет ету мерзімі — берілген күннен бастап 7 күн);
  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (маска, қолғап);
  • термометрия жүргізу, әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  • әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген түрде зарарсыздандыру.

Санитария қауіпсіздігі талаптарына байланысты бортта жолаушыларға тамақ берілмейді.

Жолаушылар коронавирус инфекциясын жұқтырған-жұқтырмағанын өз қаражаты есебінен ақылы тексертеді.

Тест жасатуға болатын зертханалардың мекенжайы мен телефондары:

1. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан филиалы: Желтоқсан көшесі, 46, тел. 8 (7172) 31 54 09, 8 (7172) 59 00 77.

2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы филиалы: Жібек жолы көшесі, 3, тел. 8 (7273) 82 35 65, 8 (727) 259 00 77.

3. Нұр-Сұлтандағы «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы, 2/1, Гёте көшесі, 3, б. Момышұлы даңғылы, 16, Абылай хан даңғылы, 12/1, Е-10 көшесі, 2 үй, «Манкент» тұрғын үй кешені, 2 (жылжымалы пункт). Тест үшін 8 701 961 70 08 телефон нөмірі бойынша алдын ала жазылу керек (WhatsApp-пен хабарлама жазу)

4. Алматыдағы «Олимп» КДЗ: Медеу ауданы — Халиуллин көшесі, 32, Сейфуллин көшесі, 549, Жандосов көшесі, 1 в; Алмалы ауданы — Байзақов көшесі, 221/155, Гагарин көшесі, 236 б. Тест 8 701 961 7307 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу)

5. Алматыдағы INVIVO зертханасы: Қарасай батыр көшесі, 123, call-орталық: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 сәуірдегі мәлімдемесінде 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылатынын айтқан еді. Елде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін жалғасады.

Exit mobile version