Басты бет Медицина Пандемия статистикасы: 15 сәуірдегі коронавирусқа қатысты ахуал

Пандемия статистикасы: 15 сәуірдегі коронавирусқа қатысты ахуал

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны бір тәулікте 26 адамға көбейді. Ауру жұқтырғаны анықталғандар (141) мен қайтыс болғандар саны (2) бір тәулік бұрынғы шамада қалды. Енді бүгін ахуал қалай өзгеретінін жаңартылып отыратын жедел мәліметтен білеміз.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Anjum Shorna

22.30-дағы мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бес адам тіркелді: Қарағанды облысы — 1, Солтүстік Қазақстан облысы — 2, Батыс Қазақстан облысы — 2.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 295-ке жетті.

19.15-тегі мәлімет:

Шымкентте 1954 жылы дүниеге келген науқас қайтыс болды. Қазақстанда коронавирус құрбандарының қатары 16-ға жетті.

18.25-тегі мәлімет:

Нұр-Сұлтанда 18, Алматыда екі, барлығы 20 адам коронавирустан жазылды. Қазақстанда аурудан айыққандар саны 240-қа жетті.

17.25-тегі мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді: Нұр-Сұлтан — 3, Алматы — 10, Алматы облысы — 1, Қызылорда облысы — 1.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 290 болды.

15.10-дағы мәлімет:

Нұр-Сұлтанда сегіз адам, Ақмола облысында төрт адам, Алматы облысында бір адам сауығып шықты. Қазақстанда коронавирустан айыққандар қатары 220-ға жетті.

14.10-дағы мәлімет:

Алматы облысында 1, Қарағанды облысында 1, Қызылорда облысында 2 адам коронавирустан айықты.

Қазақстанда аурудан жазылғандар саны 207-ге жетті.

12.30-дағы мәлімет:

Тағы сегіз адамнан коронавирус инфекциясы табылды: Нұр-Сұлтан — 3, Қарағанды облысы — 1, Ақтөбе облысы — 1, Ақмола облысы — 1, Қызылорда облысы — 2.

Қазақстанда ресми тіркелген жағдайлар саны 1 275-ке жетті.

11.55-тегі мәлімет:

Қостанай облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды. Қазақстанда қатерлі инфекция барлығы 15 науқастың өмірін қиды.

10.00-дегі мәлімет:

Алматыда коронавирус инфекциясы тағы алты адамнан анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша жалпы 1 267 жағдай белгілі болды.

09.25-тегі мәлімет:

Коронавирусты 29 адам жұқтырды: Нұр-Сұлтанда тоғыз, Алматыда алты, Шымкентте бір, Атырау облысында бір, Батыс Қазақстан облысында алты, Маңғыстау облысында бір, Қызылорда облысында үш, Қарағанды облысында екі адам.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 1 261 адам тіркелді: Алматы — 364, Нұр-Сұлтан — 291, Қызылорда облысы — 124, Қарағанды облысы — 80, Ақмола облысы — 79, Атырау облысы — 70, Жамбыл облысы — 49, Түркістан облысы — 49, Шымкент — 40, Солтүстік Қазақстан облысы — 26, Алматы облысы — 24, Батыс Қазақстан облысы — 18, Ақтөбе облысы — 12, Маңғыстау облысы — 11, Павлодар облысы — 11, Шығыс Қазақстан облысы — 8, Қостанай облысы — 5. 

00.00-дегі мәлімет:

Қазақстанда инфекция жұқтырған барлығы 1 232 адам анықталды:

Алматы — 358, Нұр-Сұлтан — 282, Қызылорда облысы — 121, Ақмола облысы — 79, Қарағанды облысы — 78, Атырау облысы — 69, Жамбыл облысы — 49, Түркістан облысы — 49, Шымкент — 39, Солтүстік Қазақстан облысы — 26, Алматы облысы — 24, Ақтөбе облысы — 12, Батыс Қазақстан облысы — 12, Павлодар облысы — 11, Маңғыстау облысы — 10, Шығыс Қазақстан облысы — 8, Қостанай облысы — 5. 

Аурудан 203 адам айықты: Нұр-Сұлтан — 110, Алматы — 58, Атырау облысы — 12, Алматы облысы — 5, Ақмола облысы — 4, Жамбыл облысы — 3, Шымкент — 2, Ақтөбе облысы — 2, Қызылорда облысы — 2, Батыс Қазақстан облысы — 1, Қарағанды облысы — 1, Маңғыстау облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Солтүстік Қазақстан облысы — 1.

14 адам қайтыс болды: Ақмола облысы — 4, Нұр-Сұлтан — 2, Алматы — 2, Шымкент — 2, Шығыс Қазақстан облысы — 1, Қарағанды облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Түркістан облысы — 1. 

Exit mobile version