Басты бет Жаңалықтар Қарттар үйінің тағы бір тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

Қарттар үйінің тағы бір тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан 84 жастағы ер адам қайтыс болды. Ол Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығында болған.

Фото: Ufavesti.ru

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 5 сәуірден бері Көкшетау теміржол ауруханасының провизоры бар стационарында карантинде болған. 9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр болған, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Марқұмның диагнозы: «ауыр дәрежедегі екіжақты жаппай пневмония, вирус этиологиясының жіті ағымы». Сонымен бірге ол артерия гипертензиясымен, өкпенің созылмалы обструктив ауруымен, жүректің ишемия ауруымен ауырған.

2 сәуірде Ақмола облысындағы қарттар үйінде тұратын 73 жастағы ер адам қайтыс болған еді. 6 сәуірде онымен қарым-қатынаста болған 91 жастағы әйел адам қайтыс болды. Мекемеде коронавирус барлығы 36 адамнан табылған.

Ақмола облысында коронавирустан төрт адам қайтыс болып отыр.

Exit mobile version