Басты бет Жаңалықтар Пандемиямен күрес: Қазақстанға қай елдер көмек беріп жатыр?

Пандемиямен күрес: Қазақстанға қай елдер көмек беріп жатыр?

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға пандемиямен күрес үшін көмек беріп жатқан елдерді атады. 

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы саясат ведомствосы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ гуманитар көмек жіберді. Қытай дәрігерлері Қазақстандағы науқастарды емдеуге көмекке келді, Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония дәрігерлері біздің мамандарға онлайн тәжірибе беріп жатыр.

13 сәуірде Қазақстанның SCAT әуе компаниясының чартер рейсімен елімізге Польшадан Wipasz компаниясы өндіретін ұзақ қолдануға арналған 100 мың дана медицина маскасы және Князь Любомирский қорынан қашықтан білім алып жатқан оқушыларымызға арналған ноутбуктер жетті.

Коронавируспен күрес мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Поляк елінің Қазақстан үшін жасаған шынайы достық ықыласы — COVID-19 пандемиясымен күрестегі жаһан бірлігінің көрнекті үлгісі, — деп хабарлады ҚР СІМ баспаөсз қызметі.

10 сәуірде Қытайдағы Джек Ма қорынан жалпы салмағы 4,5 тонна болатын жеке қорғаныс құралдары келгенін айта кету керек.

Exit mobile version